09.12.18

Кәсіби бағыт бағдар

         9 желтоқсан сағат 18.00 мен 20.00 аралығында ТМД елдерінің оқушыларының қатысуымен Х – шы Еуразиялық халқаралық олимпиада қатысушыларына Университеттің Маркетинг және рекрутинг басшылығының ұйымдастыруымен кәсіби бағыт бағдар өткізілді. Мұнда біз биотехнология мамандығына қызығушылық танытқан оқушыларға бағыт бағдар бердік. 

 

Ұйымдастырушылар: биотехнология кафедрасының доценттері б.ғ.к. Ерназарова Г.И., б.ғ.к. Ережепов А.Е.

 

05.12.2018

 "Еліміздің еркіндігі

 

2018 жылы 5 желтоқсан айында"Еліміздің еркіндігіатты кураторлық іс шара "Желтоқсан жұлдыздарықоғамдық бірлестігінің төрайымы Мустафина Гульмира Баятовна және Босманова Үміт Кенжебаевнаның қатысуымен өткізілді. Қонақтар студенттерге еліміз туралы, Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы мәліметтерді айтты. Сөз соңында студенттерімізді өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу мақсатында ерекше ақпараттар айтылды. Қонақтар алғысын білдіріп студенттерге  Тәуілсіз Қазақстан туралы тарихи видеофильмды сыйлады. Тыңдаушылар келген қонақтарға алғысын білідіріп естелікке суретке түсті.

 

Іс-шараға кафедра меңгерушісі Нармұратова М.Х. және аға куратор Бектілеуова Н.К. қатысты 

 

Ұйымдастырушылар: биотехнология кафедрасының доценттері б.ғ.к. Ерназарова Г.И., б.ғ.к. Турашева С.К. және "5В070100-Биотехнология" мамандығының 4-3 курс студенттері (КБТ 15-02К, КБТ 15-03К, МБТ16-06К, МБТ 16-08К топтары) 

 

 

 

Ресей-Қазақстандық дөңгелек үстелі

06.12.18

2018 жылдың 4 және 5 желтоқсаны аралығында Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университетінде (Екатеринбург қ.) «Биотехнология және иммунология халқының денсаулығы үшін» атты Рессей-Қазақстандық дөңгелек үстелі ұйымдастырылды, онда Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының оқытушылары Савицкая И.С., Акимбеков Н.Ш., Шокатаева Д.Х., Талипова А.Б. орыс және ағылшын тілдерінде баяндамаларжасады. Іс-шараның соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

04.12.2018

Қызықты ойындар

 

9 желтоқсан 2018 жылы сағат 9:00  Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы Салауатты өмір салтын ұстану бағдарламасы аясында  «Қызықты ойындар» тақырыбында өткізілген спорттық жарыс  ұйымастырды. Шараны өткізу мақсаты: студенттерге салауатты өмір салтын дәріптеу. Өткізілетін орын: Медеу спорт кешені, өткізілетін уақыт: 9:00. б.ғ.к., доцент  Асрандина  С.Ш.,  б.ғ.д., профессор  Атабаева С.Д. «5В070100 - Биотехнология» мамандығының студенттері.  Барлық қызығушылық танытқандарыңызды шақырамыз!

 

26.11.2018

СТУДЕНТТЕР ЛЕВ ТОЛСТОЙДЫҢ «АННА КАРЕНИНА» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПРЕМЬЕРАСЫНДА

 

«Рухани жаңғыру» және «Айналаңды нұрландыр» жобаларын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 25 қарашасында «5В070100-Биотехнология» мамандығының 2-курс студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қазақ тілінде қойылған жазушы Лев Толстойдың «Анна Каренина» трагедиялық қойылымының премьерасын тамашалады.

Ұйымдастырушылар: Мелдебекова А.А., Нармуратова М.Х., Турашева С.К., Ерназарова Г.И.

 

24.11.2018

«МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ, ҒЫЛЫМИ БАТЛ»

Биология және биотехнология факультетінің ұстаздары мен студенттері!

27 қараша күні сағат 9.00 519 аудиторияда биотехнология кафедрасында биотехнология мамандығының 2 курс студенттері арасында «МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ, ҒЫЛЫМИ БАТЛ» өтеді.

Ұйымдаструшылар биотехнология кафедрасының оқытушылары: Игнатова Л.В., Бержанова Р.Ж., Мукашева Т.Д., Савицкая И.С., Омирбекова А.А., Карпенюк Т.А., Гончарова А.В.

 

16.11.2018

Факультет оқытушылары Камелидтерді Халықаралық зерттеу және дамыту қоғамының халықаралық 5-ші конференциясына (ISOCARD-2018) қатысты

Факультетіміздің аға оқытушылары б.ғ.к. М.Х. Нармұратова және PhD  Г.С. Конуспаева ISOCARD қоғамының (Камелидтерді Халықаралық зерттеу және дамыту қоғамы) «Түйелерді зерттеудегі соңғы жетістіктер: биологиясы, саулығы және өндіріс» тақырыбындағы халықаралық 5-ші конференциясында баяндама жасады (Эль-Аю́н қаласы, Морокко).

Оқытушыларымыздың конференцияға қатысуы биотехнология кафедрасында орындалып отырған «Отандық бактериалдық ұйытқыларды пайдаланып түйе сүтінің негізінде жаңа сүт өнімдерін дайындау технологияларын жасау» Ғылыми бағдарлама (№0118РК01326, 2018-2020 жылдар) аясында қаржыландырылды.

Қоғам 2006 жылдан бастап үш жылда бір рет түйе зерттеу саласында ғылыми және практикалық ақпарат алмасу мақсатында халықаралық конференция өткізеді.

 

Г.С. Конуспаеваның Мороккандық телеарнаға сұхбаты: https://youtu.be/WrPGMCOZ3q4

12.11.2018

Биология және биотехнология факультетінің 2 курс PhD-докторанты Нұркенов Төленді «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А деңгейіндегі гранттық бағдарламалар» гранттық бағдарламасының жеңімпазы атанды.

Бағдарламаның мақсаты PhD дәрежесіне үміткерлерге, постдокторантура аспиранттарына және шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге мүмкіндігі бар басымдықты техникалық бағыттардағы танымал ғылыми орталықтардың ғалымдарына ғылыми іс-сапарлар мен зерттеулерге гранттар беру арқылы Қазақстанның ғылыми әуелетін арттыру болып табылады.

Соның негізінде PhD докторант Т.Т. Нұркенов Инженерия колледжінің биоинженерия бөлімінде және АҚШ-тағы ең көне мемлекеттік зерттеу орталығы – Чикагодағы Иллинойс университетінің медицина колледжінде (University of Illinois at Chicago) жүзеге асып жатқан «Мидың ишемиялық жарақаты кезіндегі кермек Гмелин экстрактының нейропротекторлық қасиеттерін зерттеу» жобасы аясында профессор Т.М. Шалахметова және Ph.D. Джеймс Лидың жетекшілігімен (Иллинойс штатындағы Чикаго университеті) өзінің диссертациялық жұмысын жалғастыра алады.

PhD докторанттың бұл жеңісі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жергілікті және халықаралық серіктестерімен табысты ғылыми ынтымақтастығының үлгісі болып қала береді.

 

31.10.2018

Ақпараттық жүйелер мен зияткерлік меншік топтамаларын басқаратын «Clarivate Analytics» халықаралық агенттігінің мәліметі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «International Journal of Biology and Chemistry» атты биология және химия бойынша ғылыми журналы «Web of Science Core Collection»-тің жаңа ғылыми деректер базасына енді. 
Еліміздегі жетекші университет журналының әлемдегі үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына енуі –қазақстандық жоғары білім мен ғылымның кезекті биік жетістігі.  «ҚазҰУ зерттеу университетіне айнала отырып, Елбасының әлемнің 200 үздік топ жоғары оқу орындарының құрамына ену жөніндегі міндеттерін сәтті орындау мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда. Біз қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін жетілдіруге мүмкіндік беріп, әлемдік ғылымда лайықты орынға ие болуға тырысамыз», - деп атап өтті ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов.  Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ химиялық және биологиялық, химиялық және технологиялық, сондай-ақ физикалық және математикалық бағыттардағы ғылыми журналдары халықаралық ғылыми деректер базасына енген Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық университеттердің бірі.

Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР ЛЕВ ТОЛСТОЙДЫҢ «АННА КАРЕНИНА» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПРЕМЬЕРАСЫНДА

«Рухани жаңғыру» және «Айналаңды нұрландыр» жобаларын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 25 қарашасында «5В070100-Биотехнология» мамандығының 2-курс студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қазақ тілінде қойылған жазушы Лев Толстойдың «Анна Каренина» трагедиялық қойылымының премьерасын тамашалады.

Ұйымдастырушылар: Мелдебекова А.А., Нармуратова М.Х., Турашева С.К., Ерназарова Г.И.

 

«МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ, ҒЫЛЫМИ БАТЛ»

Биология және биотехнология факультетінің ұстаздары мен студенттері!

27 қараша күні сағат 9.00 519 аудиторияда биотехнология кафедрасында биотехнология мамандығының 2 курс студенттері арасында «МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ, ҒЫЛЫМИ БАТЛ» өтеді.

Ұйымдаструшылар биотехнология кафедрасының оқытушылары: Игнатова Л.В., Бержанова Р.Ж., Мукашева Т.Д., Савицкая И.С., Омирбекова А.А., Карпенюк Т.А., Гончарова А.В.

 

 

23 Января 2018 года кафедра биотехнологии факультета биологии и биотехнологии совместно с научными сотрудниками института биологии и биотехнологии растений НЦБ МОН РК провели профориентационную работу «Моя будущая профессия» для студентов 2 курса специальности «5В070100 - Биотехнология». Цель мероприятия: ознакомление с возможностями построения профессиональной карьеры в исследовательских институтах РК; развитие мотивации достижения успеха в профессиональной деятельности.