<body bgcolor="#ffffff" text="#000000"> <a href="http://ww17.4joomla.org/?fp=Cz7O32eFO%2FuwdJ9G5C1HQEdVPo1G0qxnBobsiI1bDI0tpERmjphEWyAqZbQ334xGOGwhWAclHuCDHblKV5fE119bw279i%2FndQlOhPfG2vxbUzyawTLnN4so%2B69fZD1tMC%2BkXhBl51rb0BDTANcVGqgXq9eatr7bWQq7fe9RK30Q%3D&prvtof=3ioTB4fmrCd4sCVWBkSwzULsHfex9prn6kKo7FJKi78%3D&poru=GgHKrJaJWywk9ndZQkaH1%2BGQqqLwMjiPuQl6Atq94ZoAIX4fXmw5%2BuAgOzMzc6FyIH0KCF8oTrPJ%2BeN%2BGmF8WPNIWZn6IeS5kcA48g8zugefjlxh7bBehNl8At3ndxWm&">Click here to proceed</a>. </body>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасы Қазақстан Республикасында биотехнолог мамандарды даярлауда және биохимия, микробиология жəне микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы, экологиялық биотехнология, биоинформатика мен экожүйелерді моделдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп отырған алғашқы жəне қазір таңдағы жалғыз кафедра.

Биотехнология кафедрасын к.б.н., доцент. Кистаубаева А.С. басқарады.

Қазіргі таңда биотехнология кафедрасының ұжымы 12 доктор, 16 ғылым кандидаты, 6 философия докторынан (PhD) тұрады.

Кафедрада мына салалар бойынша ғылыми жұмыстар белсенді жүргізілуде:

1.      Биоэнергетика мен фототрофты микроорганизмдердің биотехнологиясы

2.      Экологиялық биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы

3.      Биоинформатика, геномика, протеомика

4.      Корбанизделген сорбенттердің эффекрентті қасиеттері

5.      Альгология, микробалдырлар негізінде БАЗ

6.      Тағамдық биотехнология

7.      Топырақ микроорганизмдерінің физиологиясы, ластанған жерлердің биоремедиациясы 

8.      Пробиотикалық биотехнология.

 

Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР ЛЕВ ТОЛСТОЙДЫҢ «АННА КАРЕНИНА» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПРЕМЬЕРАСЫНДА

«Рухани жаңғыру» және «Айналаңды нұрландыр» жобаларын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 25 қарашасында «5В070100-Биотехнология» мамандығының 2-курс студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қазақ тілінде қойылған жазушы Лев Толстойдың «Анна Каренина» трагедиялық қойылымының премьерасын тамашалады.

Ұйымдастырушылар: Мелдебекова А.А., Нармуратова М.Х., Турашева С.К., Ерназарова Г.И.

 

«МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ, ҒЫЛЫМИ БАТЛ»

Биология және биотехнология факультетінің ұстаздары мен студенттері!

27 қараша күні сағат 9.00 519 аудиторияда биотехнология кафедрасында биотехнология мамандығының 2 курс студенттері арасында «МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КВЕСТ, ҒЫЛЫМИ БАТЛ» өтеді.

Ұйымдаструшылар биотехнология кафедрасының оқытушылары: Игнатова Л.В., Бержанова Р.Ж., Мукашева Т.Д., Савицкая И.С., Омирбекова А.А., Карпенюк Т.А., Гончарова А.В.

 

 

23 Января 2018 года кафедра биотехнологии факультета биологии и биотехнологии совместно с научными сотрудниками института биологии и биотехнологии растений НЦБ МОН РК провели профориентационную работу «Моя будущая профессия» для студентов 2 курса специальности «5В070100 - Биотехнология». Цель мероприятия: ознакомление с возможностями построения профессиональной карьеры в исследовательских институтах РК; развитие мотивации достижения успеха в профессиональной деятельности.